2017 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 13 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 ақпанда № 5264 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 93 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.04.2017 № 93 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9987 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының:
      1) 1-қосымшасына сәйкес шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері;
      2) 2-қосымшасына сәйкес шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдері мен талаптары;
      3) 3-қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2017 жылғы 30 қаңтардағы
№ 13 қаулысына 1-қосымша

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері


Субсидиялау бағытының атауы
Өлшем
бірлік
1 басқа субсидия нормативі,
теңге
1.
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
5 000
2.
Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату*:
х
х
2.1.
алыс шетелден әкелінген етті бағыттағы шетел селекциясындағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы
бас
83 000
2.2.
1-санаттағы мүйізді ірі қара мал бордақылау алаңдары
бас
40 000
2.3.
орташа жылдық сауымы 7000 литрден жоғары сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы
бас
132 000
2.4.
орташа жылдық сауымы 5000 литрден жоғары сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы
бас
80 000

      * Ескерту: субсидия Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9987 тіркелген) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, өнім өндіруді және оның сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларымен анықталған бағыттардың басымдықтарына сәйкес бөлінеді.

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2017 жылғы 30 қаңтардағы
№ 13 қаулысына 2-қосымша

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер және талаптар


Субсидиялау бағытының атауы
Өлшемдер және талаптар
1.
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
1. Зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес келетін және жарақталған қолдан ұрықтандыру пунктерінің болуы;
2. Арнайы дайындық курстардан өткен, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің тізілімінде тіркелген техник-ұрықтандырушылардың болуы.
2.
Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу шығындарын арзандату
1. Етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:
мүйізді ірі қара аналық мал басының ақпараттық сараптамалық жүйесі және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркеуде болуы.
2. 1-санаттағы мал бордақылау алаңдары үшін:
мүйізді ірі қара малдары ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасында тіркелінуі (ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасынан алынған үзіндімен расталады).
3. Орташа жылдық сүт көлемі 7 000 кг асатын сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:
өткен жылдың статистикалық жылдық есебі бойынша бір сиырдан сауылған орташа жылдық сүт көлемі 7 000 кг кем болмауы тиіс.
4. Орташа жылдық сүт көлемі 5 000 кг асатын сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:
өткен жылдың статистикалық жылдық есебі бойынша бір сиырдан сауылған орташа жылдық сүт көлемі 5 000 кг кем болмауы тиіс.

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2017 жылғы 30 қаңтардағы
№ 13 қаулысына 3-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері


Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидия- лар норматив- тері, теңге
Субсидия көлемі
Субсидия- лар сомасы, мың теңге

Мал шаруашылығы

1.
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
5 000
10 000
50 000

Етті бағыттағы мал шаруашылығы

1.
Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу
1)
тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басы
бас
18 000
66 418
1 195 524
2)
асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы
бас
20 000
10 100
202 000
3)
жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу
бас
104 000
1 200
124 800
2.
Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу
1)
отандық асыл тұқымды ірі қара мал
бас
154 000
4 528
697 312
2)
импортталған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара мал
бас
118 000
206
24 308
3.
Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату
1)
1-деңгей
тонна
300
4 000
1 200 000
2)
2-деңгей
тонна
170
350
59 500
3)
3-деңгей
тонна
100
190
19 000
4.
Бұқашықтарды бірінші өндіріс деңгейіндегі бордақылау алаңдарына өткізу
бас
24 000
7 700
184 800
5.
Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату
бас
*
**
539 004
Барлық сомасы
4 246 248

Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы

1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1)
асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы
бас
20 000
3 999
79 980
2)
жалпы табындарда сүтті және қос бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу
бас
104 000
100
10 400
2.
Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
1)
отандық асыл тұқымды ірі қара мал
бас
154 000
500
77 000
2)
импортталған асыл тұқымды ірі қара мал
бас
118 000
294
34 692
3.
Сүт өндірісінің құнын арзандату
1)
1-деңгей, ***
тонна
37,5
8 800
330 000
2)
2-деңгей
тонна
15
1 300
19 500
3)
3-деңгей
тонна
10
1 000
10 000
4.
Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату
бас
*
**
181 200
Барлық сомасы
742 772

Етті бағыттағы құс шаруашылығы

1.
Құс еті өндірісінің құнын арзандату:
 
 
 
 
1)
3-деңгей
тонна
50
3 000
150 000
Барлық сомасы
150 000

Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы

1.
Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату:
 
 
 
 
1)
1-деңгей
дана
3
85 000 000
255 000
Барлық сомасы
255 000

Шошқа шаруашылығы

1.
Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату
тонна
98
3 750
367 500
Барлық сомасы
367 500

Қой шаруашылығы (ешкі шаруашылығы)

1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1)
тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлардың аналық басы
бас
1 500
130 000
195 000
2.
Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу
бас
8 000
9 500
76 000
3.
Қой еті (қозы еті) өндірісінің құнын арзандату
1)
1-деңгей
тонна
200
160
32 000
2)
2-деңгей
тонна
100
60
6 000
Барлық сомасы
309 000

Жылқы шаруашылығы

1.
Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу
бас
40 000
350
14 000
2.
Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату
тонна
92
400
36 800
3.
Қымыз өндірісінің құнын арзандату
тонна
60
200
12 000
Барлық сомасы
62 800

Түйе шаруашылығы

1.
Шұбат (биошұбат және жақсартылған шұбат) өндірісінің құнын арзандату
тонна
55
60
3 300
Барлық сомасы
3 300
ЖИЫНТЫҚ сомасы
6 186 620

      Ескерту:
      * субсидия нормативтері осы қаулының 1-қосымшасындағы 2 тармақтың 2.1., 2.2., 2.3., 2.4. тармақшаларында көрсетілген.
      ** субсидия көлемі нақты мәлімделген көлемге сүйене отырып анықталады.
      *** субсидия нормативін 50% дейін арттыру есебінен (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, өнім өндіруді және оның сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады