2017 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 93 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 сәуірде № 5464 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14813 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының:

      1) 1-қосымшасына сәйкес асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтардың жеке қосалқы шаруашылықтардың ірі қара малдың және қойдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге, ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнының 50%-ға дейінгі мөлшерін өтеу, асыл тұқымды марал сатып алу, жылқы етінің, бөдене жұмыртқасының, бие сүтінің, түйе сүтінің, ешкі сүтінің құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері;

      2) 2-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды жыл бойы қорада күтіп-баққан жағдайда азыққа жұмсалған шығындарын 100%-ға дейінгі, ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына арналған шығындар құнын 50%-ға дейін арзандату бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдері мен талаптары;

      3) 3-қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша 2017 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 05.09.2017 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2017 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 13 "2017 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5264 тіркелген, 2017 жылғы 21-22 ақпандағы "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысы әкімінің
міндетін атқарушы
Ж.Бексары

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 93 қаулысына 1-қосымша

Асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтардың жеке қосалқы шаруашылықтардың ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге, ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнының 50 %-ға дейінгі мөлшерін өтеу, асыл тұқымды марал сатып алу, жылқы етінің, бөдене жұмыртқасының, бие сүтінің, түйе сүтінің, ешкі сүтінің құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысының әкімдігінің 24.11.2017 № 412 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).


 

Субсидиялау бағытының атауы

Өлшем
бірлігі

1 басқа субсидия нормативі,
теңге

1.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

5 000

2.

Ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату*:

х

х

2.1.

өз төлінен өсіріліп отырған бір шарушылық субьектісінде аналық мал басы 2 000 бастан кем емес, етті бағыттағы шетел селекциясындағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы

бас

46 000

2.2.

қуаттылығы 1000 бастан асатын мүйізді ірі қара мал бордақылау алаңдары

бас

49 000

2.3.

орташа жылдық сауымы 7000 литрден жоғары сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы

бас

132 000

2.4.

орташа жылдық сауымы 4000 литрден жоғары сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы

бас

25 000

3.

Бөдене жұмыртқаларын өндіру құнын арзандату

дана

3

4.

Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату

килограмм

60

5.

Жылқы етін өндіру құнын арзандату

килограмм

92

6.

Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату

килограмм

55

7.

Ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату

килограмм

60

8.

Асыл тұқымды марал сатып алу

бас

60 000

      * Ескерту: субсидия бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14813 тіркелген) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігіні және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларымен анықталған бағыттардың басымдықтарына сәйкес жүзеге асырылады.

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 93 қаулысына 2-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды жыл бойы қорада күтіп-баққан жағдайда азыққа жұмсалған шығындарын 100%-ға дейінгі, ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына арналған шығындар құнын 50%-ға дейін арзандату бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдері мен талаптары

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысының әкімдігінің 24.11.2017 № 412 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Субсидиялау бағытының атауы

Өлшемдер және талаптар

1.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара мал мен қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

1. Зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес келетін және жарақталған қолдан ұрықтандыру пунктерінің болуы;
2. Арнайы дайындық курстардан өткен, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің тізілімінде тіркелген техник-ұрықтандырушылардың болуы.

2.

Ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындарды арзандату

1. Етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:
мүйізді ірі қара аналық мал басының ақпараттық сараптамалық жүйесі және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркеуде болуы.
2. 1000 бастан бастап мал бордақылау алаңдары үшін:
мүйізді ірі қара малдары ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасында тіркелінуі (ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасынан алынған үзіндімен расталады).
3. Орташа жылдық сүт көлемі 7 000 кг асатын сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:
өткен жылдың статистикалық жылдық есебі бойынша бір сиырдан сауылған орташа жылдық сүт көлемі 7 000 кг кем болмауы тиіс.
4. Орташа жылдық сүт көлемі 4 000 кг асатын сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін:
өткен жылдың статистикалық жылдық есебі бойынша бір сиырдан сауылған орташа жылдық сүт көлемі 4 000 кг кем болмауы тиіс.

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 93 қаулысына 3-қосымша

Ақтөбе облысы бойынша 2017 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

      Ескерту. 3 қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысының әкімдігінің 24.11.2017 № 412 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидия көлемі

Субсидиялар сомасы, мың теңге

Етті мал шаруашылығы

1.

Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу

1.1.

Тауарлы аналық бас

1)

Базалық нормативі:

бас

10 000

64 472

644 720,0

2)

Қосымша нормативі:






төл беру шығымы 80%-дан бастап

бас

8 000

22 223

177 784,0


төл беру шығымы 60%-дан бастап

бас

6 000

3 656

21 936

1.2.

Асыл тұқымды аналық бас

1)

Базалық нормативі:

бас

10 000

12 142

121 420,0

2)

Қосымша нормативі:

2.1

төл беру шығымы 80%-дан бастап

бас

20 000

4 784

95 680,0

2.

Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

бас

150 000

6 300

945 000,0

3.

Бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

1)

Нақты бордақыланғаны 3000 бастан бастап

бас

45 000

12 500

562 500,0

2)

Нақты бордақыланғаны 1500 бастан бастап

бас

30 000

739

22 170,0

3)

Нақты бордақыланғаны 1000 бастан бастап

бас

25 000

1 720

43 000,0

4)

Нақты бордақыланғаны 100 бастан бастап

бас

20 000

1 190

23 800,0

5)

Ауыл шаруашылығы кооперативтері

бас

20 000

600

12 000,0

Барлық сомасы

2 670 010,0

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1.1.

Асыл тұқымды аналық бас

1)

Базалық нормативі:

бас

10 000

2 690

26 900,0

2)

Қосымша нормативі:






төл беру шығымы 70%-дан бастап

бас

20 000

1 174

23 480,0


төл беру шығымы 60%-дан бастап

бас

15 000

91

1 365,0

2.

Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

1)

Отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы

бас

170 000

310

46 017,5

2)

Импортталған асыл тұқымды ірі қара мал


Еуропа және ТМД елдерінен

бас

150 000

190

28 500,0

3.

Сүт өндірудің құнын арзандату

1)

Жемдік мал басы 400 бастан басталатын шаруашылықтар

килограмм

25

4 374 939

109 373,475

Субсидия нормативін 50% дейін өсіру есебінен**

35

3 019 000

105 665,0

2)

Жемдік мал басы 50 бастан басталатын шаруашылықтар

килограмм

15

1 451 984

21 779,760

3)

Ауыл шаруашылығы кооперативтері

килограмм

10

524 610

5 246,10


Барлық сомасы




368 326,835

Мал шаруашылығы

1.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

5000

5 858

29 290,0

2.

Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп бағу

бас

100 000

1 242

124 200,0

Барлық сомасы

153 490,0

Етті бағыттағы құс шаруашылығы

1.

Құс (бройлер) етін өндіру құнын арзандату

1)

1000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

килограмм

50

2 000 000

100 000,0

Барлық сомасы

100 000,0

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Тағамдық жұмыртқа құнын арзандату

1)

100 млн.данадан басталатын нақты өндіріс

дана

2,5

100 000 000

250 000,0

2.

Бөдене жұмыртқаларын өндіру құнын арзандату

дана

3

500 000

1 500,0

Барлық сомасы

251 500,0

Шошқа шаруашылығы

1.

Шошқа етін өндіру құнын арзандату

1)

Нақты бордақыланғаны 3000 бастан бастап

килограмм

100

6 500 000

650 000,0

Барлық сомасы

650 000,0

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1)

Асыл тұқымды қойлардың аналық басы

бас

2 500

14 624

36 560,0

2)

Тауарлы қойлардың аналық басы

бас

1 500

50 000

75 000,0

2.

Асыл тұқымды қойлар сатып алу





1)

Тұсақтар

бас

8 000

2 000

16 000,0

2)

Тұқымдық қошқарлар

бас

20 000

1 400

25 200,0

3.

Қозы етін өндіру құнын арзандату

бас

1 500

2 700

4 050,0

4

Қайта өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн өндіру құнын арзандату

1).

Сапасы 50-ден басталатын жүн

Кило-грамм

100

18 000

1 800,0

Барлық сомасы

158 610,0

Марал шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды маралдарды сатып алу

бас

60 000

80

4 800,0

Барлық сомасы


4 800,0

Жылқы шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды айғырлар сатып алу

бас

100 000

81

8 100,0

2.

Асыл тұқымды аналық бас сатып алу

бас

40 000

55

2 200,0

3.

Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату

килограмм

60

170 000

10 200,0

4.

Жылқы етін өндіру құнын арзандату

килограмм

92

65 000

5 980,0

Барлық сомасы

26 480,0

Түйе шаруашылығы

1.

Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату

килограмм

55

6 300

346,5

Барлық сомасы

346,5

Ешкі шаруашылығы

1.

Ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату

килограмм

60

3 500

210,0

Барлық сомасы

210,0

Азық өндіру

1.

Ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына жұмсалған шығындар құнын 50%-ға дейін арзандату

бас

*

***

1 086 416,265

Барлық сомасы

1 086 416,265

ЖИЫНТЫҚ сомасы

5 470 189,6

      Ескерту:* субсидия нормативтері осы қаулының 1-қосымшасындағы 2 - тармақтың 2.1., 2.2., 2.3., 2.4. тармақшаларында көрсетілген.

      ** Министрлікпен келісу бойынша белгіленген нормативтен жергілікті бюджеттен және/немесе басқа бюджеттік қаражат бөлінгенде субсидиялау нормативін ұлғайту 50%-ға дейін рұқсат етіледі.

      *** субсидия көлемі нақты мәлімделген көлемге сүйене отырып анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады