2018-2019 жылдарға арналған Ақтөбе облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 415/1 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 қаңтарда № 5823 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-5) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2018-2019 жылдарға арналған Ақтөбе облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Ж.Нұрғалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы
2017 жылғы 21 желтоқсан

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 415/1 қаулысына қосымша

2018-2019 жылдарға арналған Ақтөбе облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі

Спорт түрлерінің атауы

Топтар атауы


Олимпиадалық емес спорт түрлерінің атауы

Жазғы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы

Қысқы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы

Ұлттық спорт түрлерінің атауы

"А" тобы

1.

гір спорты

әйелдер күресі

коньки спорты

жекпе – жек

2.

кикбоксинг

ауыр атлетика

шаңғы спорты

қазақ күресі

3.

панкратион

бокс


тоғызқұмалақ

4.

пауэрлифтинг

волейбол



5.

самбо

грек-рим күресі



6.

сурдо грек-рим күресі

дзюдо



7.

сурдо еркін күрес

еркін күрес



8.

сурдо жеңіл атлетика

жүзу



9.


каратэ-до



10.


қол добы



11.


теннис



12


үстел теннисі



"В" тобы

1.

әмбебап жекпе-жек

баскетбол

мәнерлеп сырғанау

аударыспақ

2.

белбеу күрес

жеңіл атлетика

шайбалы хоккей

көкпар

3.

грепплинг

су добы


теңге ілу

4.

дойбы

ВТФ таеквондо



5.

джиу-джитсу

футбол



6.

каратэ кекушинкай




7.

қоян қолтық күресі




8.

муайтай




9.

ММА




10.

президенттік көпсайыс




11.

сурдо жағажай волейболы




12.

сурдо жүзу




13.

сурдо үстел теннисі




14.

сурдо шахмат




15.

таэквон-до ITF




16

ушу




17.

шағын футбол




18.

шахмат




"С" тобы

1.

альпинизм

байдаркамен каноэде есу

шорт-трек

асық ату

2.

балық аулау

көркем гимнастика


бәйге

3.

би спорты

құзға өрмелеу


жамбы ату

4.

ГТФ таеквондо

оқ ату



5.

допты хоккей

садақ ату



6.

киокушинкай кан каратэ

спорттық гимнастика



7.

қол күрес

үйлесімді жүзу



8.

мотокросс




9.

номад ММА




10.

радиоспорт




11.

спорттық туризм




12.

сурдо волейбол




13.

сурдо дойбы




14.

сурдо футбол




15.

сурдо шаңғы спорты





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады