Шектеу іс-шараларын алу және Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қыркүйекте № 5665 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық инспекторының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 5-2/486 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округінің Сазды ауылы аумағында ірі мүйізді қара малы арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық сауықтыру іс-шаралар кешені жүргізілгендігіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі әкімінің 2016 жылдың 26 қыркүйектегі № 4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5090 болып тіркелген, 2016 жылдың 7 және 8 қазанында "Ақтөбе" және Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қаласының
Сазды ауылдық округінің әкімі
А.Муханбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады