Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 69 "Тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 ақпандағы № 65 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 наурызда № 5292 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 наурыздағы № 133 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 05.03.2018 № 133 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ырғыз аудандық мәслихатының қазақ тіліндегі 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 69 "Тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-89 тіркелген, 2009 жылғы 17 ақпандағы аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару" сөзінен кейін "және өзін-өзі басқару" сөзімен толықтырылсын;

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауында, мәтінінде және қосымшасында "ставкаларын", "ставкаларының" сөздері "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелерінің" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Қ. Бөлек
      Аудандық мәслихаттың хатшысы К. Қосаяқов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады