Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 13.03.2020 № 283 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 546 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ырғыз ауданында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 29.03.2019 № 217 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Ырғыз аудандық мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Ырғыз аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 69 "Тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-89 тіркелген, 2009 жылғы 17 ақпанда аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешімі;
2) Ырғыз аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 ақпандағы № 65 "Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 69 "Тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5292 тіркелген, 2017 жылғы 29 наурызда аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешімі.
3. "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ырғыз аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Н. Садықов |
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы |
К. Қосаяқов |
Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 5 наурыздағы № 133 шешіміне қосымша |
Ырғыз ауданында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
№ | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |
7 | Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті | 10 |