Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жиренқопа ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 9 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 сәуірде № 5435 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жиренқопа ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жиренқопа ауылдық округі әкімінің 20.02.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 10-1/119 ұсынысы негізінде, Жиренқопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Жиренқопа ауылдық округінің Жиренқопа ауылы аумағында шектеу іс–шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3.Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жиренқопа ауылдық
округінің әкімі
М.Күлниязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады