Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 5 "Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылдық округі Алтынды ауылының көше атауын қайта атау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қайынды ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 13 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 31 мамырда № 5514 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданы Қайынды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар ауданы айынды ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 22 шілдедегі №5 "Мұғалжар ауданы Қайынды ауылдық округінің Алтынды ауылының көше атауын қайта атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-148 тіркелген, 2011 жылғы 12 қазанда аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және Алтынды ауылы тұрғындары конференциясының хаттамасы негізінде, Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      орыс тіліндегі шешімнің деректемелерінде, атауында және мәтінінде "аульного", "Каиндинского" сөздері "сельского", "Кайындинского" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қайыңды ауылдық
      округінің әкімі м.а. Г.Жиенбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады