Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылдық округі Алтынды ауылының көше атауын қайта атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 5 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 24 тамызда № 3-9-148 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің орыс тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "поселка", "аульного" сөздері "села", "сельского" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 24.11.2014 № 17 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және Алтынды ауылы тұрғындары конференциясының хаттамасы негізінде, Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 24.05.2017 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Алтынды ауылының көше атаулары:

      Набережная көшесі, Құндызды көшесіне

      Строителей көшесі, Ынтымақ көшесіне

      Космонавтов көшесі, Қазақстан көшесіне

      Почтовая көшесі, Астана көшесіне

      Мира көшесі, Бейбітшілік көшесіне

      Горняков көшесі, Мәншүк Мәметова көшесіне

      Парковая көшесі, Тәуелсіздікке - 20 жыл көшесіне

      Школьная көшесі, Абай Құнанбаев көшесіне

      Геологов көшесі, Қаныш Сәтбаев көшесіне

      Юбилейное көшесі, Алтынды көшесіне деп қайта аталсын.

      Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қайыңды ауылдық округінің әкімі І.Ниязова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады