Субсидиялар нормативтерін, субсидиялау бағыты бойынша өлшемдер мен талаптарын, сондай-ақ субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 16 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 3 ақпанда № 4092 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 149 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 12.04.2017 № 149 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9987 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бекітілсін:

      1) шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативерде ірі қара малдың және қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеу бойынша субсидиялар нормативтері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

      2) шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың және қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеу субсидиялау бағыты бойынша өлшемдер мен талаптар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;

      3) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін осы қаулының 3, 4-қосымшаларына сәйкес.

      2. Алматы облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Субсидиялар нормативтерін және көлемдерін бекіту туралы" 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 29 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3699 тіркелген, 2016 жылдың 13 ақпанында "Жетісу" газетінде және 2016 жылдың 16 ақпанында "Огни Алатау" газетінде жарияланған);

      2) "Облыс әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы "Субсидиялар нормативтерін және көлемдерін бекіту туралы" № 29 қаулысына өзгерістер еңгізу туралы" 2016 жылғы 27 қазандағы № 543 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4014 тіркелген, 2016 жылдың 29 қарашасында "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы
      облысының әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы "26" қаңтардағы № 16 қаулысына 1-қосымша

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперетивтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеу бойынша субсидия нормативі

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірілікке арналған субсидия нормативі, теңге

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперетивтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

2 800

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперетивтерде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеу бойынша субсидия нормативі

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірілікке арналған субсидия нормативі, теңге

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперетивтерде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

854

  Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы "26" қаңтардағы № 16 қаулысына 2-қосымша

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың және қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыты бойынша өлшемдер мен талаптар

      Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың/қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды өнім берушілерге 100 %-ға дейін өтеу кезінде – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 5-қосымшасына сәйкес 1 нысан бойынша ірі қара малдың/қойдың аналық басын ұрықтандыру туралы акт және Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес 2 нысан бойынша ірі қара малдың ұрықтанған аналық басын тексеру актісі.

  Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы "26" қаңтардағы № 16 қаулысына 3-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері (теңге)

Субсидияланатын көлем
(бас)

Субсидиялар сомасы
(мың теңге)

Ірі қара мал шаруашылығы

1. 

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

2 800

148 410

415 548,0

Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды және селекциялық жұмыс жүргізу

1)

тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басы

бас

18 000

103 755

1 867 590,0

2)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы

бас

20 000

30 000

600 000,0

2.

Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу

1)

отандық асыл тұқымды ірі қара мал

бас

154 000

3 500

539 000,0

Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы

бас

20 000

10 500

210 000,0

2.

Асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу

1)

импортталған асыл тұқымды ірі қара мал

бас

118 000

120

14 160,0

2)

импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Еуропа елдерінен)

бас

154 000

500

77 000,0

Қой шаруашылығы

1.

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

854

249 075

212 710,0

2.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1)

тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлардың аналық басы

бас

1 500

320 000

480 000,0

3.

Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу

бас

8 000

12 000

96 000,0

Жылқы шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу

бас

40 000

500

20 000,0

Шошқа шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды шошқалар сатып алу

бас

15 000

5 000

75 000,0

Етті бағыттағы құс шаруашылығы

1.

Отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан ата-енелік/ ата-тектік нысандағы етті бағыттағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу

бас

300

333 334

100 000,0

Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы

1.

Отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан ата-енелік/ ата-тектік нысандағы етті бағыттағы асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқа сатып алу

дана

50

210 000

10 500,0

Барлығы

4 717 508,0

  Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы "26" қаңтардағы 16 қаулысына 4-қосымша

Мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері (теңге)

Субсидияланатын
көлем
(бас)

Субсидиялар сомасы
(мың теңге)

Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы

1.

Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату:

5 876,3

1 276 561,0

1)

1-деңгей

килограмм

300

2 943,0

882 900,0

2)

2-деңгей

килограмм

170

1 433,3

243 661,0

3)

3-деңгей

килограмм

100

1 500,0

150 000,0

2.

Бұқашықтарды бірінші өндіріс деңгейіндегі бордақылау алаңдарына өткізу

бас

24000

1 500

36 000,0

Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы

1.

Сүт өндірісінің құнын арзандату:

51 071,8

958 218,0

1)

1-деңгей

килограмм

25

28 000,0

700 000,0

2)

2-деңгей

килограмм

15

5 500,0

82 500,0

3)

3-деңгей

килограмм

10

17 571,8

175 718,0

Етті бағыттағы құс шаруашылығы

1.

Құс еті өндірісінің құнын арзандату:

42 378

2 926 948,0

1)

1-деңгей

килограмм

70

32 500

2 275 000,0

2)

2-деңгей

килограмм

66

9 878

651 948,0

Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы

1.

Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату:

210 235

611 078,0

1)

1-деңгей

дана

3,0

161 167

483 501,0

2)

2-деңгей

дана

2,6

49 068

127 577,0

Шошқа шаруашылығы 

1.

Шошқа еті өндірісінің құынын арзандату

килограмм

98

7 350

720 300,0

Қой шаруашылығы

1.

Қой еті (қозы еті) өндірісінің құнын арзандату

1 160

168 000,0

 1)

1-деңгей

килограмм

200

520

104 000,0

 2)

2-деңгей

килограмм

100

640

64 000,0

2.

Биязы жүн өндірісінің құнын арзандату

килограмм

130

1 308

170 040,0

Жылқы шаруашылығы

1.

Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату

килограмм

92

750

69 000,0

2.

Қымыз өндірісінің құнын арзандату

килограмм

60

2 300

138 000,0

Түйе шаруашылығы

1.

Түйе еті өндірісінің құнын арзандату:

килограмм

90

134

12 060,0

2.

Шұбат (биошұбат және жақсартылған шұбат) өндірісінің құнын арзандату:

килограмм

55

1 500

82 500,0

Барлығы

7 168 705,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады