Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Бектөбе, Қызылшарық ауылдарындағы жаңа көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 05 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 ақпанда № 3317 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармағына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының2016 жылғы 8 желтоқсандағы қорытындысын және тиісті аумақ халқының ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Төмендегі көшелерге атау берілсін
      Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Бектөбе ауылындағы:
      1) Көктем 3 көшесіне - Ақмешіт;
      2) Көктем 4 көшесіне - Сарайшық;
      3) Бұлақ 2 көшесіне - Нұрлы жол;
      4) Бұлақ 3 көшесіне - Алтын Орда;
      5) Жайлау 2 көшесіне - Сығанақ;
      6) Жайлау 3 көшесіне - Аңырақай;
      7) Жаңа көшесіне – Баласағұн;
      8) Жаңа 3 көшесіне -Хамит Ерғалиев;
      9) Жаңа 4 көшесіне - Жайық;
      10) Жаңа 5 көшесіне - Ақыртас;
      11) Жаңа Бәйтерек 3 көшесіне - Алатау;
      Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Қызылшарық ауылындағы:
      1) Атшабар 1 көшесіне – Айшырақ;
      2) Атшабар 2 көшесіне - Қазығұрт;
      3. Осы нормативтік-құқықтық актінің орындалуын бақылау Қаратөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Саршаевқа жүктелсін.
      4. Осы нормативтік-құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қартөбе ауылдық округінің әкімі Қ. Джатқанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады