"Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 31-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 шілдедегі № 14-6 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 тамыздағы № 3497 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 12-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 11.12.2023 № 12-5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 31-4 "Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2268 болып тіркелген, 2014 жылдың 24 шілдедегі аудандық "Жаңа өмір" - "Новая жизнь" газетінде жарияланған) мынандай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жуалы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:

      6 тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "1) туберкулез ауруымен ауыратын науқастарды амбулаториялық деңгейде емдеу кезеңінде отбасының жан басына шаққандағы табыс көзі күнкөріс деңгейдің бес есесінен аспаған жағдайда ай сайын 21 871 (жиырма бір мың сегіз жүз жетпіс бір) теңге арнайы комиссияның анықтауы бойынша, әлеуметтік қолдау көрсетілсін.

      Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына отбасының жан басына шаққандағы табыс көзі күнкөріс деңгейдің бес есесінен аспаған жағдайда жылына бір рет арнайы комиссияның анықтауы бойынша, әлеуметтік қолдау көрсетілсін".

      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарынада мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат Аудандық
      сессиясының төрағасы мәслихаттың хатшысы
      С.Кожанов Е.Тлеубеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады