Қарасу ауылдық округінің Қарасу ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 73 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 қаңтарда № 3673 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Қарасу ауылдық округінің Қарасу ауылына қарасты төмендегі көшелерінің атаулары өзгертілсін:

      Чуйская көшесі – Кескентас;

      Школьная көшесі – Бастау болып өзгертілсін.

      2.Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасу ауылдық округі әкімінің орынбасары Қ. Айтпаевқа жүктелсін.

      3.Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Б. Кампитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады