Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 108 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 мамырда № 3417 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 476 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 24.10.2023 № 476 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9, 27-баптарына сәйкес Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Шу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Ербол Еркінұлы Аймамбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Досаев

      "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 108 қаулысына келісім парағы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң денсаулық

      сақтау басқармасы Шу қаласының

      ауруханасының бас дәрiгерi

      Б.С. Бейсенбаев

      "13" сәуір 2017 жыл

      Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң денсаулық

      сақтау басқармасы Шу қаласының

      емханасының бас дәрiгерi

      Б. Билялова

      "13" сәуір 2017 жыл

  Шу ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 13 сәуірдегі
№ 108 қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 28.05.2018 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ұйымның атауы

Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдің саны (адам)

Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан %)

Ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде бөлінген квота саны (адам)

1

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Шу қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

272

4 %

10

2

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Шу қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

218

3 %

6

3

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Шу аудандық орталық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

757

4 %

30

4

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

103

3%

3

5

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Абай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

75

2%

1

6

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Әль-Фараби атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

96

2%

2

7

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "М.Әуезов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

112

3%

3

8

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Е. Бекмаханов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

164

3%

5

9

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "М. Х. Дулати атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

118

3%

3

10

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "М. Мақатаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

154

3%

4

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады