"Қарағанды қаласындағы есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормаларын бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 69/05 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 60/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 қазанда № 4383 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарағанды қаласындағы есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормаларын бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 69/05 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3574 болып тіркелген, "Индустриальная Караганда" газетінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 193-194 (21944-21945) және "Орталық Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 220-221 (22 105) санында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов

  Қарағанды облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
"28" қыркүйектегі
№ 60/01қаулысына
қосымша
  Қарағанды облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
7 желтоқсандағы №69/05 қаулысына қосымша

Қарағанды қаласындағы есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары


р/с

Тұтынушылар санаты

Қызмет көрсетушінің атауы

Өлшеу бірлігі

Мағынасы

 
1

Қарағанды
1-жылуэлектрорталығынан, 3-жылуэлектроорталығынан жылынатын тұтынушылар

"ҚарағандыЖылуСбыт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалория/
шаршы метр

0,0340

 
2

Қызмет көрсетушінің қазандығынан жылынатын Кемеровская көшесі №97,113,114 тұрғын үйлердің тұтынушылары

"Қарағанды қаласының қалалық коммуналдық шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалория/
шаршы метр

0,0317


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады