Теміртау қаласы әкімінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 5 "Теміртау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімінің 2017 жылғы 2 ақпандағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 ақпанда № 4149 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімінің 29.11.2018 № 2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Теміртау қаласының әкімі ШЕШТІ:

      1. Теміртау қаласы әкімінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 5 "Теміртау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу Тiзiлiмiнде № 3490 болып тіркелген, 2015 жылдың 23 қарашасында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылдың 2 желтоқсанында № 48 "Темиртауский рабочий" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33, 37-баптарын басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімі ШЕШТІ:".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ғ. Әшімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады