Жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңы қатынастарында автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 22/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 шілдеде № 4307 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Балқаш қаласында жолаушыларды және багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі 60 теңге болып белгіленсін.

      2. Жолаушыларды және багажды қала маңындағы автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша тарифтері белгіленсін:

      1) № 3 "Балқаш – Шашубай" - 70 тенге;

      2) № 3а "Автостанция – Жөндеу базасы" - 70 тенге;

      3) № 3б "Автостанция – Ақ тас" - 70 тенге.

      3. Балқаш қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 25/01 "Жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2682 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 шілдедегі № 76-77 (12183) "Балқаш өңірі" және № 75-76 (1254) "Северное Прибалхашье" газеттерінде, 2014 жылғы 23 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Абилхасим Оналович Толеубековке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі А. Аглиулин

      Келісілді:

      Балқаш қалалық
      мәслихатының хатшысы
      ____________Қ. Тейлянов

      2017 жылғы "22" маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады