Бұқар жырау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 қазандағы 18 сессиясының № 16 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қазанда № 4399 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

      Бұқар жырау аудандық мәслихатының 22 сессиясының 2014 жылғы 28 наурыздағы "Бұқар жырау аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" №7 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2624 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 мамырда № 20 "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде, 2014 жылы 19 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы 29 сессиясының № 12 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 22 сессиясының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 7 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2822 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 қарашада № 47 "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде, 2014 жылы 04 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 маусымдағы 36 сессиясының № 7 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 22 сессиясының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 7 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3330 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 шілдеде № 29 "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде, 2015 жылы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Сессия төрағасы Ж. Сериков
      Мәслихат хатшысы А. Әли

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады