Қарқаралы ауданы әкімінің шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 03 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 1 маусымда № 4265 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 "Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарқаралы ауданы әкімінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 01 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4132 болып тіркелді, 2017 жылғы 28 қаңтарда "Қарқаралы" газетінің № 9-10 (11530) санында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылы 7 сәуірде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

      Қарқаралы ауданының әкімі К. Максутов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады