Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 31/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда № 4510 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 09/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 05.04.2019 № 09/01 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8 бабы 1 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Омарханов

  Нұра ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "14" желтоқсандағы
№ 31/01 қаулысына қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Атауы

1

Бюджеттік инвистиция жобалары, өңірлерді дамыту және жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша аудан аймағында құрылыс, қайта жаңғырту, коммуналдық меншікті күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу

2

Білім беру, әлеуметтік-мәдени және тұрғын үй мақсаттағы аудан аймағында құрылыс, қайта жаңғырту, коммуналдық меншік объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу

3

Аудан аумағындағы сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстар инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды, ауылдық елді мекендерде тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетуде күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу

4

Аудан аумағында ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау жүйесін даму объектісін күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу

5

Аудан аумағындағы елді мекендердің көшелерін және аудандық маңызы бар жолдарды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу

6

Аудандық бюджет қаражатынан сатып алынатын, қатты отты тасымалдау және сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады