Нұра ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 31/01 "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін анықтау туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 09/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 сәуірде № 5283 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 және 37 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Нұра ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 31/01 "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін анықтау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4510 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 қаңтардағы № 1 (5549) "Нұра" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2018 жылы 5 қаңтарда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Байкен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады