"Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 338 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 825 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 шілдеде № 5899 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 346 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 27.08.2021 № 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 338 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5382 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы", "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылғы 15 наурызда жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"7.

"Қызылорда облысының аумақтық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 49% жарғылық капиталға қатысу үлесі

желтоқсан
2017 жыл

тендер нысанында сауда-саттық

".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады