Қызылорда облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 820 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 шілдеде № 5904 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 346 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 27.08.2021 № 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 53 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 13375 нөмірімен тіркелген) бекітілген Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесінің 6-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қызылорда облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Қызылорда облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолдануын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      ______________ Т. Сүлейменов
      2017 жылғы "27" маусым

  Қызылорда облысы әкімдігінің
  2017 жылғы "27" маусымдағы
  № 820 қаулысына
  қосымша

Қызылорда облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі

Аудан атауы

Ауылдық округ атауы

Тірек ауылдық елді мекеннің атауы

1

2

3

4

1

Арал

Сексеуіл

Сексеуіл ауылы

2

Арал

Қамыстыбас

Қамыстыбас стансасы

3

Арал

Октябрь

Шижаға ауылы

4

Қазалы

Арықбалық

Жанқожа батыр атындағы ауыл

5

Қазалы

Өркендеу

Өркендеу ауылы

6

Қармақшы

ІІІ Интернационал

ІІІ Интернационал ауылы

7

Қармақшы

Төретам

Төретам ауылы

8

Жалағаш

Аққұм

Аққұм ауылы

9

Жалағаш

Мәдениет

Мәдениет ауылы

10

Сырдария

Ақжарма

Ақжарма ауылы

11

Сырдария

Бесарық

Бесарық ауылы

12

Шиелі

Еңбекші

Еңбекші ауылы

13

Шиелі

Сұлутөбе

Сұлутөбе ауылы

14

Жаңақорған

Аққорған

Түгіскен ауылы

15

Жаңақорған

Төменарық

Төменарық ауылы

16

Жаңақорған

Ақкүйіқ

Бірлік ауылы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады