"Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы № 89 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 шілдедегі № 129 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 тамызда № 5914 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 133 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 07.09.2022 № 133 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы № 89 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5748 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 11 наурызда облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 18 наурызда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "3. Қызылорда қаласы "Мерей" мөлтек ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу (2017-2027 жылдарға)".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының
14 сессиясының төрағасы,
облыстық мәслихат хатшысы
Н. Байқадамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады