Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 142 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 тамызда № 5918 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 166 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 11.10.2018 № 166 қаулысымен (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 36 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5756 болып тіркелген, 2017 жылдың 24 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ Н.ШАМҰРАТОВ

  Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "19" шілдедегі №142 қаулысына қосымша

Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері,
% есебімен

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1

"Сыр Маржаны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

144

3%

4

2

"Қазалы ауданының білім бөлімінің Жанқожа батыр атындағы № 70 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

171

3%

5

3

"Қазалы аудандық білім бөлімінің № 249 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

254

4%

10

4

"Қазалы ауданының білім бөлімінің С.Сейфуллин атындағы № 165 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

102

3%

3

5

"Қазалы ауданының білім бөлімінің Б.К.Мергенбаев атындағы № 226 гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

123

3%

4

6

"Қазалы ауданының білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

206

3%

6

7

Қазалы ауданының білім бөлімінің "Қорқыт Ата атындағы аудандық балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

79

2%

2

8

"Қазалы ауданының білім бөлімінің М.Горький атындағы № 16 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

156

3%

5

9

"Қазалы ауданының білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы № 17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

102

3%

3

10

"Қазалы ауданының білім бөлімінің Қ.Нұрмаханов атындағы № 95 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

97

2%

2

11

"Қазалы ауданының білім бөлімінің № 170 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

162

3%

5

12

"Қазалы ауданының білім бөлімінің Қ.Сәтбаев атындағы № 216 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

149

3%

4

13

"Қазалы аудандық білім бөлімінің № 266 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

272

4%

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады