Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңартылған

Бірлескен Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 152 қаулысы және Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 шілдедегі № 120 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 тамызда № 5937 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің шекарасының (шегі) жалпы алаңы 19210,0 гектар болып өзгертілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 24.02.2021 № 48 бірлескен қаулысымен және Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 24.02.2021 № 17 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 1 қарашадағы № 282 қаулысының және Қазалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 152 шешімінің (нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде №4547 тіркелген, аудандық "Тұран Қазалы" 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №108-109 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы С.Бабанаев
      Қазалы аудандық мәслихатының
ХV сессиясының төрағасы
Ж.Коланова
      Қазалы аудандық мәслихатының хатшысы К.Назымбеков

  Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы " 27 " шілдедегі № 152 қаулысына және Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы " 27 " шілдедегі №120 шешіміне қосымша

Қазалы ауданы Әйтеке би кенті жерлерінің экспликациясы

Жерлердің атауы

Жалпы көлемі (гектар)

Оның ішінде (гектар):

ауыл шаруашылығы
алқаптары

Орман көмкерген

Құрылысқа арналған жерлер


Басқа алқаптар

егістік

Көп жылдық екпелер

Тыңайған жер

жайылымдар

Бақша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Әйтеке би кенті

19210,0
 

60
 

-
 

-
 

15021,0
 

283,0
 

-
 

830,0
 

3016,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады