2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 2 қазандағы № 564 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 қазанда № 5993 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерi бекiтiлсiн.

      2. "2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 460 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5788 тіркелген, 2017 жылы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары М. Самитовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданының әкімі С. Мақашов

  Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 2 қазандағы № 564 қаулысына қосымша

2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының әкiмшiлiк-аумақтық орналасуы (аудан, қала)

Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушiлер саны

Мектепке дейiнгi ұйымдар ата-аналарының бiр айдағы төлемақы мөлшерi (теңге)

Балабақша

Мектеп жанында
ғы толық күндiк шағын-орталық
тар

Мектеп жанында
ғы жарты күндiк шағын-орталық
тар

Дербес толық күндiк шағын-орталық
тар

Дербес жарты күндiк шағын-орталық
тар

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күндiк шағын-орталықтар

Мектеп жанындағы жарты күндiк шағын-орталық
тар

Дербес толық күндiк шағын-орталық
тар

Дербес жарты күндiк шағын-орталық
тар

1

Қармақшы
ауданы

1352

245

0

0

0

24240

21800

0

0

0

2

Байқоңыр қаласы

280

0

0

0

0

34058

0

0

0

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады