Байланыс формасы

Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 наурыздағы № 170 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 сәуірде № 5793 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қазандағы № 340 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 24.10.2017 № 340 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұмыс орындарының квоталары:

      1) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;

      2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;

      3) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Жаңақорған ауданының ұйымдарында жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі Ғ. Әміреев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады