Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққорган ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 21 тамыздағы N 3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 қыркүйекте N 5956 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңына, Облыстық ономастикалық комиссияның 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аққорған ауылдық округі, Түгіскен ауылының келесі көшелеріне:

      1) "Жеңістің 30 жылдығы" көшесіне "Нұртай Палымбетов" есімі;

      2) "Қаршығалық" көшесіне "Елеусіз Төреев" есімі;

      3) "Қадір Тағаев" көшесіне параллель жатқан көшеге – "Аманкүл Болтаева" есімі берілсін.

      2. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аққорған ауылдық округінің әкімі С. Садыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады