Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 1191 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 қазанда № 5977 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 126 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 27.02.2018 № 126 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2 пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.

      2. "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қызылорда облысы Шиелі аудан әкімдігінің 2017 жылғы 3 ақпандағы № 1019 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5732 болып тіркелген, 2017 жылдың 3 наурыздағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шиелі ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмiнің міндетін атқарушы Т. Жағыпбаров

  Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қыркүйектегі № 1191 қаулысына 1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардыжұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны
 

Квотаның мөлшері қызмет
кер
лердің тізімдік санынан
(%)

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

74

2%

1

2

"Жиделі топтық су құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалы

111

2%

2

3

"Арғымақ"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

53

2%

1

4

"Шиелі – Энергосервис"
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі

94

2%

1


  Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қыркүйектегі № 1191 қаулысына 2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері қызметкерлердің тізімдік санынан
(%)

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
(адам)

 
1

"Шиелі тас" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

52

2%

1

2

"Кемикал"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

104

2%

2

3

"Шиелі Жолшы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

98

2%

1


  Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қыркүйектегі № 1191 қаулысына 3-қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның
мөлшері қызметкерлер
дің тізімдік
санынан (%)

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

Қызылорда облысының білім
басқармасының "Шиелі индустриалды - аграрлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

110

2%

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады