Маңғыстау облысы бойынша 2017 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 7/96 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 сәуірде № 3311 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 487-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5675 болып тіркелген) сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Маңғыстау облысы бойынша 2017 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас инспектор А. Ерболов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Н. Ғұбашов
      Облыстық мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов

      "КЕЛIСIЛДI"
      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі Орман
      шаруашылығы және жануарлар дүниесі
      комитетінің Маңғыстау облыстық орман
      шаруашылығы және жануарлар дүниесі
      аумақтық инспекциясы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Т. Қалжанұлы
      "23" 02 2017 жыл
       "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі
      Су ресурстары комитетінің Су
      ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий
      бассейндік инспекциясы" республикалық
      мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облыстық
      бөлімінің басшысы
      Т.М. Адамбаев
      "23" 02 2017 жыл
       "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігі Мемлекеттік кірістер
      комитетінің Маңғыстау облысы бойынша
      мемлекеттік кірістер департаменті"
      республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
      А.Б. Тілегенов
      "23" 02 2017 жыл
       "Қазақстан Республикасы
      Энергетика Министрлігінің
      Экологиялық реттеу және
      бақылау комитетінің
      Маңғыстау облысы
      бойынша экология департаменті"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      А.А. Сафин
      "23" 02 2017 жыл
      "Маңғыстау облысының ауыл
      шаруашылығы басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
       Б. Ерсайынұлы
      "23" 02 2017 жыл
       "Маңғыстау облысының
      табиғи ресурстар және табиғат
      пайдалануды реттеу басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      С.О. Сағынбаев
      "23" 02 2017 жыл
       "Маңғыстау облысының
      энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
      шаруашылық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      С.Х. Аманбеков
      "23" 02 2017 жыл
      

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2017 жылғы 23 ақпандағы
  № 7/96 шешіміне қосымша

Маңғыстау облысы бойынша 2017 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері


Арнаулы су пайдаланудың түрлері

Өлшем бірлігі

мөлшерлемелер

теңге

1

2

3

4

1
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
1000 текше метр
58,58
2
Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса есептегенде
1000 текше метр
167,61
3
Ауыл шаруашылығы
1000 текше метр
52,43
4
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
1000 текше метр
50,63
5
Су көлігі
1000 тонна шақырым
24,05

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады