Мәслихаттың 2011 жылғы 10 маусымдағы № 390 "Лисаков қаласының жер телімдері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін және жер аймақтары шекараларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 131 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 сәуірде № 7011 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 106 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 27.12.2023 № 106 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 11-бабы 1-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылғы 10 маусымдағы № 390 "Лисаков қаласының жер телімдері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін және жер аймақтары шекараларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3764 тіркелген, 2011 жылғы 2 шілдеде "Костанайские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Лисаков қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы";

      2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Лисаков қаласының жерлері бағалау аймақтарының шекаралары бекітілсін.";

      жоғарыда көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының тақырыбы келесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Лисаков қаласының жерлері бағалау аймақтарының шекаралары".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Ахметов
      Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Ещанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай облысы әкімдігінің

      жер қатынастары басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ____________________ Н. Абдуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады