Қостанай қаласының жолаушылары мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тарифтері туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 2265 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 31 тамызда № 7186 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 105 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 25.01.2021 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай қаласында жолаушылармен және багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі барлық маршруттар үшін 80 теңге мөлшерінде белгіленсін.

      2. Қала маңындағы қатынастарға жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифтер қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Б. Жақыпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қостанай қалалық

      мәслихат хатшысы

      ___________ Б. Сандыбеков

      2017 жылғы 2 тамыз

  2017 жылғы
2 тамыздағы № 2265
қаулының қосымшасы

Қала маңайындағы қатынастарда жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифының мөлшері.

Маршрут №

Қашықтық (км)

Қала маңайындағы қатынас тарифы

1

№ 103

10

100

2

№ 113

7

90

3

№ 113А

3

90

4

№ 113Б

3

90


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады