2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 100 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 наурызда № 6921 болып тіркелді. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 440 қаулысымен. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 12.09.2017 № 440 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2017 жылға арналған Лисаков қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 12.09.2017 № 440 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д.Е. Найденовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Қала әкімі А. Исмағұлов

  Әкімдіктің
2017 жылғы 28 ақпандағы
№ 100 қаулысына қосымша

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 2017 жылға арналған Лисаков қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 30.11.2017 № 640 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (аудан, қала)

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

1

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Дельфинчик" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

282

25500,82

3 жасқа дейін – 7480

3 жастан бастап - 9240

2

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Ивушка" бөбекжай- бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

290

23689,69

3 жасқа дейін – 7480

3 жастан бастап - 9240

3

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Мұрагер" бөбекжай- бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

284

28726,87

3 жасқа дейін -7480

3 жастан бастап -9240

4

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Балапан" бөбекжай- бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

159

19444,43

3 жасқа дейін – 7480

3 жастан бастап - 9240

5

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Улыбка" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

294

18878,82

3 жасқа дейін – 7480

3 жастан бастап - 9240

6

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Нұрлы Жол" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

251

25984,45

3 жасқа дейін – 7480

3 жастан бастап - 9240

7

Лисаков қаласы

"Ясли-сад "Балақай" на 180 мест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

150

24066,38

3 жасқа дейін – 7480

3 жастан бастап - 9240

8

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Красногор негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күн болатын шағын-орталық

25

10001,44

3 жастан бастап - 7700


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады