Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 65 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерің кешінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 156 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 маусымда № 7109 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 49 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 18.04.2019 № 49 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139 - бабының 9 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 - бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 65 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерің кешінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6381 болып тіркелген, 2016 жылдың 24 маусымында "Таза бұлақ Чистый родник" аудандық газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасында:

      1- тармақ мынадай тармақшасымен толықтырылсын:

      "8) үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі."

      2 - тармақ мынадай тармақшасымен толықтырылсын:

      "27) мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы."

      3- тармақ мынадай тармақшалармен толықтырылсын:

      "11) барлық атаудағы суретші;

      12) барлық атаудағы әдіскері;

      13) музыкалық жетекші;

      14) дыбыс операторы;

      15) вокал бойынша репетитор;

      16) әдістемелік кабинетінің меңгерушісі;

      17) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының бөлім басшысы."

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Алтынсарин ауданының әкімі Б. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ

      Алтынсарин аудандық

      мәслихатының хатшысы

      _____________ Б. Есмұханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады