2017 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Алтынсарин ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 185 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 қыркүйекте № 7212 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2017 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Алтынсарин ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін аткарушы Ж. Иралин

  Әкімдіктің
2017 жылғы 14 тамыздағы
№ 185 қаулысына қосымша

2017 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Алтынсарин ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

Өсімдік шаруашылығы өнімінің түрі

Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы

II дала аймағы
Дәнді дақылдар

1

Жаздық жұмсақ бидай

2017 жылғы 15 мамырдан 31 мамырға дейін

2

Жаздық қатты бидай

2017 жылғы 18 мамырдан 28 мамырға дейін

3

Арпа

2017 жылғы 15 мамырдан 05 маусымға дейін

4

Сұлы

2017 жылғы 15 мамырдан 05 маусымға дейін

5

Дәндi бұршақ дақылдар

2017 жылғы 15 мамырдан 10 маусымға дейін

6

Карақұмық

2017 жылғы 20 мамырдан 05 маусымға дейін

7

Тары

2017 жылғы 20 мамырдан 05 маусымға дейін

8

Жасымақ

2017 жылғы 15 мамырдан 1 маусымға дейін

Майлы дақылдар

1

Күнбағыс

2017 жылғы 05 мамырдан 18 мамырға дейін

2

Майлы зығыр

2017 жылғы 12 мамырдан 5 маусымға дейін

3

Жаздық рапс

2017 жылғы 20 мамырдан 8 маусымға дейін

4

Көкшiл қыша

2017 жылғы 20 мамырдан 8 маусымға дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады