Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 110 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 сәуірде № 7008 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың келесі:
      "Әулиекөл аудандық мәслихатының регламенті туралы" 2014 жылғы 14 ақпандағы № 130 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4515 тіркелген, 2014 жылғы 3 сәуірде "Әулиекөл" газетінде жарияланған);
      "Мәслихаттың 2014 жылғы 14 ақпандағы № 130 "Әулиекөл аудандық мәслихатының регламенті туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2014 жылғы 1 тамыздағы № 186 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5054 тіркелген, 2014 жылғы 11 қыркүйекте "Әулиекөл" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Бесінші сессияның төрайымы С. Максютова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Д. Қойшыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады