Байланыс формасы

2018 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 666 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 қарашада № 7309 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Аудан әкімі К. Ахметов

  Қостанай ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 7 қарашадағы
№ 666 қаулысына қосымша

2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері

Ұйымның атауы

Ұйымдар дағы жұмыскер лердің тізімдік саны, адам

Квота мөлшері жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімде

Жұмыс орындарының саны

1.

"ВАН" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

150

0,6%

1

2.

"Садчиковское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

312

0,3%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады