Әкімдіктің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 98 "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 181 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 шілдеде № 7135 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 110 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 28.05.2020 № 110 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 98 "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5493 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірде "Сарыкөл" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      әкімдік қаулысының қосымшасында реттік нөмірі 35-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

35

Сарыкөл кенті

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Урицкий мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

      ".

      2. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыкөл ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Е. Қалқаев

      "КЕЛIСIЛДI"

      Сарыкөл аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      ________________ А. Апареев

      2017 жылғы 5 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады