Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 110 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 маусымда № 9235 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарыкөл аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Сарыкөл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Балгарин

  Әкімдіктің
2020 жылғы 28 мамырдағы
№ 110 қаулысына
1-қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді-мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1.

Барвиновка ауылы

"Аманжол-Акро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы стенд

2.

Веселый Подол ауылы

ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд

3.

Ананьевка ауылы

ауылдық кітапхана ғимаратының жанындағы стенд

4.

Златоуст ауылы

Ленин және Целинная көшелерінің қиылысындағы стенд

5.

Новое ауылы

ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд

6.

Қараоба ауылы

медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд

7.

Комсомол ауылы

дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанындағы стенд

8.

Чапаев ауылы

ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд

9.

Қоскөл ауылы

Элеваторная көшесіндегі № 1 үй жанындағы стенд

10.

Ленинское ауылы

медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд

11.

Ленинград ауылы

Комсомольская көшесіндегі № 3 үй жанындағы стенд

12.

Вишневка ауылы

ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд

13.

Большие Дубравы ауылы

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Лесной орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

14.

Маяк ауылы

"Маякское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы стенд

15.

Севастополь ауылы

ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд

16.

Дубинка ауылы

Дубинка көшесіндегі № 34 үй жанындағы стенд

17.

Крыловка ауылы

ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд

18.

Сорочинка ауылы

ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд

19.

Мелитополь ауылы

Центральная көшесіндегі № 14 үй жанындағы стенд

20.

Островное ауылы

Қостанай облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Урицкое орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

21.

Тағыл ауылы

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Тагіл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

22.

Соналы ауылы

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Соналы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

23.

Ермаковка ауылы

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ермаков бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

24.

Тимирязевка ауылы

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Тимирязев орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

25.

Урожайное ауылы

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Чехов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

26.

Сарыкөл кенті

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

27.

Сарыкөл кенті

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімиятының Сарыкөл аудандық білім бөлімінің "Өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының жанындағы стенд

28.

Сарыкөл кенті

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің № 1 Урицк орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

29.

Сарыкөл кенті

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Сарыкөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

30.

Сарыкөл кенті

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

  Әкімдіктің
2020 жылғы 28 мамырдағы
№ 110 қаулысына
2-қосымша

Сарыкөл ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1) Сарыкөл ауданы әкімдігінің "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" 2015 жылғы 3 наурыздағы № 98 қаулысы (2015 жылғы 16 сәуірде "Сарыкөл" аудандық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5493 болып тіркелген);

      2) Сарыкөл ауданы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 98 "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 5 шілдедегі № 181 қаулысы (2017 жылғы 1 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7135 болып тіркелген);

      3) Сарыкөл ауданы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 98 "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 28 мамырда № 140 қаулысы (2018 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7870 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады