Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 179/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 шілдеде № 5561 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулының ресми жариялануын;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2017 жылғы "26" мауысымдағы
№ 179/3 қаулысына
қосымша

Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған
кейбір қаулыларының
тізбесі

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 20/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3711 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 ақпанда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған).

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 20/2 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" № 280/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4023 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қыркүйекте "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған).

      3. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 20/2 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" № 73/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4403 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірде "Регион.kz" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады