Павлодар облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 289/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 қазанда № 5646 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 168/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 28.06.2021 № 168/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 53 бұйрығымен бекітілген Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесінің 6-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулының ресми жариялануын;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
      2017 жылғы "26" қыркүйек

  Павлодар облысы әкімдігінің
2017 жылғы қыркүйектегі
№ 289/5 қаулысына
қосымша

Павлодар облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 24.04.2019 № 123/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

№ р/н

Қала/аудан атауы

Ауылдық округтің атауы

Ауылдық елді мекенің атауы

1

2

3

4

1

Ақсу қаласы

Евгеньевка

Евгеньевка

2

Ақсу қаласы

Қалқаман

Қалқаман

3

Ақсу қаласы

Қызылжар

Қызылжар

4

Екібастұз қаласы

Ақкөл

Ақкөл

5

Екібастұз қаласы


Әлкей Марғұлан атындағы

6

Екібастұз қаласы


Шиқылдақ

7

Екібастұз қаласы

Екібастұз

Төртүй

8

Ақтоғай

Қараоба

Қараоба

9

Баянауыл


Майқайың

10

Железин

Қазақстан

Жаңа жұлдыз

11

Железин

Михайлов

Михайловка

12

Железин

Башмачин

Башмачное

13

Ертіс

Абай

Голубовка

14

Ертіс

Ағашорын

Ағашорын

15

Ертіс

Северный

Северное

16

Тереңкөл

Байқоныс

Байқоныс

17

Тереңкөл

Бобровка

Жаңабет

18

Тереңкөл

Федоровка

Федоровка

19

Аққулы

Шарбақты

Шарбақты

20

Аққулы

Ямышев

Ямышево

21

Май

Баскөл

Баскөл

22

Май

Қаратерек

Қаратерек

23

Павлодар

Григорьевка

Набережное

24

Павлодар

Красноармейка

Красноармейка

25

Павлодар

Луганск

Луганск

26

Успен

Қоңырөзек

Қоңырөзек

27

Успен

Лозов

Лозовое

28

Успен

Равнополь

Константиновка

29

Шарбақты

Александровка

Александровка

30

Шарбақты

Жылы-Бұлақ

Хмельницкий

31

Шарбақты

Шалдай

Шалдай

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады