Павлодар облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 353/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 қарашада № 5699 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағы 20-4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Павлодар облысының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2017 жылғы "14" қарашадағы
№ 353/6 қаулысына
1-қосымша

Павлодар облысының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама
командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына
кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың
йналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының
(ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың
жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы
ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы әкімдігінің 03.02.2021 № 38/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Жарыстардың атауы

Спорттық жарыстардың нәтижесі

Ай сайынғы ақшалай жабдықталым мөлшері айлық есептік көрсеткіштерде (бұдан әрі-АЕК)

1

Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

1 орын

150 АЕК

2 орын

120 АЕК

3 орын

100 АЕК

4-6 орын

80 АЕК

Олимпиада ойындарына қатысу

70 АЕК

Олимпиада ойындарына қатысуға лицензияны жеңіп алу

60 АЕК

2

Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындар (жазғы, қысқы)

1 орын

150 АЕК

2 орын

120 АЕК

3 орын

100 АЕК

4-6 орын

80 АЕК

Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарына қатысу

70 АЕК

Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарына қатысуға лицензияны жеңіп алу

60 АЕК

3

Азия ойындары (спорттың олимпиадалық түрлері бойынша жазғы, қысқы), Азия Паралимпиадалық ойындары

1 орын

120 АЕК

2 орын

110 АЕК

3 орын

100 АЕК

4

Әлем чемпионаты, Әлем Кубогының Финалы (спорттың олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық түрлері бойынша)

1 орын

100 АЕК

2 орын

80 АЕК

3 орын

70 АЕК

5

Әлем Кубогының кезеңі (спорттың олимпиадалық түрлері бойынша)

1 орын

90 АЕК

2 орын

70 АЕК

3 орын

60 АЕК

6

Жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

1 орын

60 АЕК

2 орын

50 АЕК

3 орын

40 АЕК

7

Азия чемпионаты (спорттың олимпиадалық, ұлттық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық түрлері бойынша)

1 орын

70 АЕК

2 орын

60 АЕК

3 орын

50 АЕК

8

Азиялық-Тынықмұхит ойындары (спорттың сурдлимпиадалық түрлері бойынша), Бүкіләлемдік ойындары (IWAS, IBSA)

1 орын

70 АЕК

2 орын

60 АЕК

3 орын

50 АЕК

9

Жастар, юниорлар арасындағы Әлем чемпионаты (спорттың олимпиадалық түрлері бойынша), Дүниежүзілік Универсиада (жазғы, қысқы)

1 орын

60 АЕК

2 орын

50 АЕК

3 орын

40 АЕК

10

Жасөспірімдер, кадеттер арасындағы Әлем чемпионаты (спорттың олимпиадалық түрлері бойынша), жастар, юниорлар арасындағы Азия чемпионаты (спорттың олимпиадалық түрлері бойынша)

1 орын

35 АЕК

2 орын

25 АЕК

3 орын

20 АЕК

11

Қазақстан Республикасының чемпионаты (спорттың олимпиадалық және ұлттық түрлері бойынша), Қазақстан Республикасының спартакиадасы (спорттың олимпиадалық түрлері бойынша жазғы, қысқы)

1 орын

40 АЕК

2 орын

20 АЕК

3 орын

15 АЕК

12

Жастар ойындары (жазғы, қысқы), жастар, юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлері бойынша)

1 орын

15 АЕК

13

Тірек-қимыл аппаратының, есту, көру мүшелерінің зақымдануымен мүгедек спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының Паралимпиялық ойындары, Қазақстан Республикасының чемпионаты

1 орын

40 АЕК

2 орын

20 АЕК

3 орын

15 АЕК

      Аббревиатуралардың түсіндірмесі:

      IWAS - International Wheelchair and Amputee Sports Federation (Арбамен жүретін және ампутанттардың халықаралық спорт федерациясы);

      IBSA - International Blind Sports Federation (Көру қабілеті нашар адамдарға арналған халықаралық спорт федерациясы).

  Павлодар облысы әкімдігінің
2017 жылғы "14" қарашадағы
№ 353/6 қаулысына
2-қосымша

Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір
қаулыларының тізбесі

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі "Павлодар облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" № 125/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4497 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда "Регион.kz" газетінде жарияланған).

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі "Павлодар облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" № 125/4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 83/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5021 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 сәуірде "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған).

      3. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі "Павлодар облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" № 125/4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 21/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5388 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 наурызда "Регион.kz" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады