Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Құркөл ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 1-03/02 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қазанда № 5634 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 1-03/08 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің 29.11.2018 № 1-03/08 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Құркөл ауылында ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Селолық округі әкімінің
      міндетін атқарушы Б. Сукер
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақсу қалалық қоғамдық
      денсаулық сақтау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы А. Жалелов
      2017 жылғы "21" қыркүйек
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақсу қаласының ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы К. Амренов
      2017 жылғы "21" қыркүйек
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауылшаруашылығы министрлігінің
      ветеринариялық бақылау және қадағалау
      Комитетінің Ақсу қалалық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Г. Батаев
      2017 жылғы "21" қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады