Железин ауданы Еңбекші селолық округі Уәлихан селосының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы Еңбекші селолық округі әкімінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 05 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 шілдеде № 5572 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Еңбекші селолық округінің Уәлихан селосы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Еңбекші селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Железин ауданы Еңбекші селолық округі Уәлихан селосының "Ленин" көшесі "Достық" көшесі болып аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Еңбекші селолық округінің әкімі Т. Жумабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады