Шарбақты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау мен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 72/2 қаулысына өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы № 7/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 ақпанда № 5361 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 242/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 25.07.2019 № 242/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 72/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 28 наурызда № 5022 болып тіркелді, 2016 жылғы 7 сәуірдегі ауданның № 14 "Маралды" және "Трибуна" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:

      қөрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакциясында баяндалсын.

      2. "Шарбақты ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте, осы қаулыдан туындаған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Р. Неғманова

  Шарбақты ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "13" қаңтар
№ 7/1 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай
ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік
бағдарламалары және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

Р/с №

Атауы

1

Ауданның жергілікті атқарушы органның бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының аясында конкурс (аукцион) әдісімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу

2

Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы төрт мың айлық есептік көрсеткіштен артық болған жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз мың айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) әдісімен сатып алу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады