Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 1ш "Алматы қаласы Алатау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 2 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 сәуірде № 1362 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 11.04.2019 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 1ш "Алматы қаласы Алатау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық акті 2014 жылғы 23 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1029 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы № 52-53 "Алматы ақшамы" және 2014 жылғы 1 мамырдағы № 51-52 "Вечерний Алматы" газетінде ресми жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасындағы № 12, 21, 28, 35, 36, 482, 486, 527, 528, 530, 531 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

      2. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және Алатау ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алатау ауданы әкімінің аппарат басшысы Б.О. Торламбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Манзоров

  Алатау ауданы әкімінің
2017 жылғы "__"_________
№__ шешіміне қосымша

№ 12 Сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Өжет ықшамауданы, Әуезов көшесі, 48 үй
№ 156 Жалпы білім беретін мектеп, телефоны: 298-13-63

      Шекарасы: Батыс шекарасы Солтүстік айналым көшесінен бастап Өжет ықшамауданының Бекболат көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстік бағытта Новостройка көшесінің қиылысына дейін. Әрі қарай шығыс бағытта Сейфуллин көшесіне дейін Новая көшесінің қиылысы ("Амина" дүкені). Жалғасы Новая-2 тұйық көшесімен. Новая-2 тұйық көшесі мен Фрунзе көшесінің қиылысынан Фрунзе көшесінің бойымен солтүстік бағытта (шығыс жағы) Шаған көшесінің қиылысына дейін. Солтүстік шекарасы Шаған көшесінің бойымен шығыс бағытта (оңтүстік жағы) Шарын көшесінің қиылысына дейін. Шарын тұйық көшесінен кейін шығыс бағытта Сеңгірбаев тұйық көшесінің бойымен ескі қоқыс полигонына дейін. Оңтүстік шекара Солтүстік айналым көшесінің бойымен Бекболат көшесінің қиылысына дейін (солтүстік жағы).

№ 21 Сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Шаңырақ-1 ықшамауданы, Өтемісұлы көшесі,
109 үй № 169 Жалпы білім беретін мектеп, телефоны: 227-38-02

      Шекарасы: Солтүстік шекарасы Ысқақов пен Қарқара көшелерінің қиылысынан шығыс бағытта Алпамыс көшесінің қиылысына дейін. Әрі қарай Алпамыс көшесінің бойымен шығыс бағытта Үлкен Алматы өзеніне дейін. Шығыс шекарасы Алпамыс көшесімен Үлкен Алматы өзенінің қиылысынан оңтүстік бағытта Ақын Сара көшесіне дейін. (Ұлжан-1 ықшамауданының шекарасының бойымен). Оңтүстік шекарасы Ақын Сара көшесінің бойымен батыс бағытта Өтемісұлы көшесіндегі № 73б үйге дейін. Әрі қарай Өтемісұлы көшесінің бойымен солтүстік бағытта Қарқара көшесінің қиылысына дейін. Қарқара көшесімен батыс бағытта Наурыз көшесіне дейін. Наурыз көшесінен оңтүстік бағытта Ақын Сара көшесіне дейін. Әрі қарай Ақын Сара көшесімен Ысқақов көшесіне дейін (Шаңырақ-2 ықшамауданының шекарасы). Батыс шекарасы Ысқақов көшесінің бойымен Ақын Сара көшесінен солтүстік бағытта Қарқара көшесінің қиылысына дейін.

№ 28 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы каласы Алғабас-1 ықшамауданы, 1/65 үй
№ 182 Жалпы білім беретін мектеп, телефоны: 248-59-62

      Шекарасы: Алғабас-1 ықшамауданындағы № 1/1, 1/2, 1/3, 1/4, 1/5, 1/6, 1/8, 1/9, 1/10, 1/11, 1/12, 1/13, 1/14, 1/15, 1/16, 1/17, 1/18, 1/19, 1/20, 1/21, 1/22, 1/23, 1/25, 1/26, 1/27, 1/29, 1/30, 1/32, 1/33, 1/34, 1/35, 1/36, 1/37, 1/38, 1/39, 1/40, 1/41, 1/42, 1/43, 1/44, 1/45, 1/46, 1/47, 1/48, 1/49, 1/50, 1/51, 1/52, 1/53, 1/54, 1/55, 1/56, 1/57, 1/58, 1/59, 1/60, 1/61, 1/62, 1/63, 1/64, 1/81, 1/86 үйлері толығымен сайлау учаскесіне кіреді.

№ 35 Сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Өжет ықшамауданы, Әуезов көшесі, 48 үй
№ 156 Жалпы білім беретін мектеп, телефоны: 298-10-68

      Шекарасы: Өжет ықшамауданының Бекболат көшесімен Солтүстік айналым көшесінің қиылысынан бастап солтүстік бағытта (батыс жағы) Новостройка көшесінің қиылысына дейін. Әрі қарай шығыс бағытта Сейфуллин және Новая-2 көшелерінің қиылысына дейін ("Амина" дүкені). Новостройка, Новая-1, Новая-2 көшелері толығымен кіреді. Сейфуллин және Новая-2 көшелерінің қиылысынан Новая-2 тұйық көшесінің бойымен Фрунзе көшесіндегі № 22 үйге дейін. Әрі қарай Фрунзе көшесімен (батыс жағы) солтүстік бағытта Шаған көшесіне дейін. Солтүстік шекарасы Шаған көшесінен (оңтүстік жағы) батыс бағытта Красноармейская көшесінің қиылысына дейін, әрі қарай Тереңқара өзенінің бойымен оңтүстік бағытта (шығыс жағы) Үлкен Алматы каналына дейін. Оңтүстік шекарасы Үлкен Алматы каналының бойымен (солтүстік жағы) Бекболат көшесі мен Солтүстік айналым көшесінің қиылысына дейін.

№ 36 Сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Ақкент ықшамауданы, 19 үй
№ 181 Жалпы білім беретін мектеп, телефоны: 246-70-39

      Шекарасы: Ақкент ықшамауданындағы № 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36 үйлері толығымен сайлау учаскесіне кіреді.

№ 482 Сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Шаңырақ-1 ықшамауданы, Өтемісұлы көшесі,
73 үй "Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-
интернат-колледжі", телефоны: 245-86-01

      Шекарасы: Солтүстік шекарасы Шаңырақ-1 ықшамауданындағы Ысқақов көшесі мен Ақын Сара көшесінің қиылысынан Ақын Сара көшесінің бойымен шығыс бағытта Наурыз көшесінің қиылысына дейін. Әрі қарай Наурыз көшесінен солтүстік бағытта Қарқара көшесінің қиылысына дейін. Қарқара көшесінен шығыс бағытта Өтемісұлы көшесіндегі № 107 үйге дейін. Әрі қарай Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытта Ақын Сара көшесінің қиылысына дейін.

      Ақын Сара көшесімен шығыс бағытта Ұлжан-1 ықшамауданының шекарасына дейін. Шығыс шекарасы Шаңырақ-1 ықшамауданы мен Ұлжан-1 ықшамауданының шекарасы бойымен жүреді (Үлкен Алматы өзенінің бойымен). Оңтүстік шекарасы Қосағаш көшесінен батыс бағытта Шаңырақ-2 ықшамауданының шекарасына дейін. Батыс шекарасы Қосағаш көшесінен Шаңырақ-2 ықшамауданы шекарасының бойымен Шаңырақ-1 ықшамауданының Ысқақов және Ақын Сара көшелерінің қиылысына дейін.

№ 486 Сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Теректі ықшамауданы, Мектеп көшесі, 6б үй
№ 184 Жалпы білім беретін мектеп, телефоны: 388-40-64

      Шекарасы: Оңтүстік шекарасы Желтоқсан көшесімен Орталық көшесінің қиылысынан Орталық көшесі бойымен солтүстік бағытта Айналмалы көшесіне дейін. Батыс шекарасы Айналмалы көшесі бойымен солтүстік бағытта Құрылыс көшесіне дейін. Солтүстік шекарасы Құрылыс көшесі бойымен шығыс бағытта Тәуелсіздік көшесіне дейін. Тәуелсіздік көшесі бойымен шығыс бағытта Желтоксан көшесіне дейін. Желтоқсан көшесі бойымен оңтүстік бағытта Молдағұлова көшесіне дейін. Молдағұлова көшесінің бойымен Абай көшесіне дейін. Абай көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Якупов көшесіне дейін. Якупов көшесінің бойымен шығыс бағытта Ақсай көшесіне дейін. Шығыс шекарасы Ақсай көшесі мен Якупов көшелеріні қиылысынан Ақсай көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Қонаев көшесіне дейін. Қонаев көшесінің бойымен батыс бағытта Желтоқсан көшесіне дейін. Желтоқсан көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Орталық көшесіне дейін.

№ 527 Сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Алғабас ықшамауданы, Бәйдібек би көшесі, 16 үй
№ 185 Жалпы білім беретін мектеп, телефоны: 385-45-41

      Шекарасы: Оңтүстік шекарасы Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысынан Рысқұлов даңғылының бойымен батыс бағытта Ақсай көшесіне дейін. Рысқұлов даңғылынан Ақсай көшесінің бойымен Достық көшесінің қиылысына дейін. Ақсай көшесімен Достық көшесінің қиылысынан Достық көшесінің бойымен батыс бағытта (солтүстік жағы) Алатау көшесіне дейін. Алатау көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Жетісу көшесіне дейін. Жетісу көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батыс бағытта Алматы облысы, Қарасай ауданының шекарасына дейін. Батыс шекарасы Алматы облысы, Қарасай ауданы шекарасының бойымен солтүстік бағытта Мәдениет ықшамауданының шекарасына дейін. Солтүстік шекарасы Мәдениет ықшамауданының шекарасы бойымен шығыс бағытта Момышұлы көшесіне дейін. Шығыс шекарасы Момышұлы көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Рысқұлов даңғылына дейін. (Алғабас-1 ықшамауданы, "Нұркент" тұрғын-үй кешенін қоспағанда).

№ 528 Сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Алғабас ықшамауданы, Бәйдібек би көшесі, 16 үй
№ 185 Жалпы білім беретін мектеп, телефоны: 307-93-16

      Шекарасы: Солтүстік шекарасы Ақсай көшесі мен Достық көшесінің қилысынан Достық көшесінің бойымен батыс бағытта Алатау көшесінің қиылысына дейін. Алатау көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Алматы облысы Қарасай ауданының шекарасына дейін. Батыс шекарасы Алматы облысы Қарасай ауданының шекарасы бойымен оңтүстік бағытта Желтоқсан көшесіне дейін. Желтоқсан көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Қонаев көшесінің қиылысына дейін. Оңтүстік шекарасы Желтоқсан көшесі мен Қонаев көшесінің қиылысынан Қонаев көшесі бойымен солтүстік бағытта Ақсай көшесіне дейін. Шығыс шекарасы Қонаев көшесі мен Ақсай көшесінің қиылысынан Ақсай көшесінің бойымен солтүстік бағытта Достық көшесінің қиылысына дейін.

№ 530 Сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Алғабас-6 ықшамауданы, 1/65 үй
№ 182 Жалпы білім беретін мектеп, телефоны: 225-29-03

      Шекарасы: Алғабас-6 ықшамауданындағы № 1/69, 1/70, 1/71, 1/72, 1/73, 1/74, 1/75, 1/78, 1/79, 1/80, 1/82, 1/84, 1/87, 1/88, 1/89, 1/91, 1/92, 1/135, 1/136, 1/139, 1/141, 1/142, 1/144, 1/148, 1/150, 1/151, 1/153, 1/155, 1/156, 1/158, 1/160, 1/161, 1/165, 1/167, 1/168, 1/170, 1/171, 1/172, 1/173, 1/174, 1/177, 1/178, 1/179, 1/180 үйлері толығымен сайлау учаскесіне кіреді.

№ 531 Сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Ақкент ықшамауданы, 19 үй
№ 181 Жалпы білім беретін мектеп, телефоны: 246-70-47

      Шекарасы: Ақбұлақ ықшамауданындағы № 6, 7, 8, 9 үйлер және Ақкент ықшамауданындағы № 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 54, 55, 56, 57, 58, 60, 61, 67, 71 үйлер, Алғабас-1 ықшамауданындағы: № 34, 35, 36, 37, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52 үйлер толығымен кіреді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады