Петропавл қаласының көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 3 және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 9/2 бірлескен қаулысы мен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 ақпанда № 4038 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес, 2016 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы қорытындысының негізінде, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Петропавл қаласының "Солнечный" ықшам ауданындағы жаңа көшелерге:
      1) Ғалым Малдыбаев атындағы көше;
      2) Есләм Зікібаев атындағы көше аттары берілсін.
      2. Петропавл қаласының мына көшелері қайта аталсын:
      1) Явленское шоссе көшесі Қожаберген жырау атындағы көше;
      2) 5-сенная көшесі Қазбек Байболов атындағы көше.
      3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімі оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
ІХ сессиясының төрағасы,
хатшысы
В. Бубенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады