"Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары түрлерінің тізбесін және өсімдіктерді қорғау құралдарының 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 292 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 389 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 қазанда № 4346 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 шілдедегі № 199 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 16.07.2018 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары түрлерінің тізбесін және өсімдіктерді қорғау құралдарының 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 292 қаулысына (2017 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4266 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасындағы жол 130 реттік нөмірімен мынадай редакцияда жазылсын:

130.

КИНЕТИК эмульсия концентраты

12 000,00

3 060,00

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
      әкімі Қ. Ақсақалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады