Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 449 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қарашада № 4376 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 8 қарашадағы № 286 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 08.11.2019 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 209 қаулысына (2016 жылғы 22 шілдеде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3813 болып тіркелді):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:

      мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:

      "15. Адамның тыныс-тіршілігін шектейтін организм функцияларының үнемі нашарлауы салдарынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылар 1414, 8 800 080 7777 - Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінген кезде, олардың мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қажеттілігі болған жағдайда тұрғылықты жеріне бара отырып, Мемлекеттік корпорация қызметкері қабылдайды.";

      көрсетілген регламенттің 1-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 379 қаулысына (2015 жылғы 25 қарашада "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3434 болып тіркелді):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      9-тармақтың екінші бөлімі алып тасталсын.

      көрсетілген регламенттің 1-қосымшасы осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      көрсетілген регламенттің 1-қосымшасы осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 449 қаулысына 1-қосымша
  "ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші

Р/с№

Облыстың жергілікті атқарушы органы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

1

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57В

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін


  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы "13" қарашадағы № 449 қаулысына 2-қосымша
  "ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші

Р/с№

Облыстың жергілікті атқарушы органы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

1

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57В

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін


  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы "13" қарашадағы № 449 қаулысына 3-қосымша
  "Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші

Р/с№

Облыстың жергілікті атқарушы органы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

1

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57В

демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап, жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін


  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 449 қаулысына 4-қосымша
  "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші

Р/с№

Облыстың жергілікті атқарушы органы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

1

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57В

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады